Седапрег

Мида мазасыздық көп пе? — Седапрег көмектеседі!
>>

Құрамы:
Бір капсуланың құрамында

Жаужапырақ сығындысы— 300 мг
Магния— 60 мг
Центелла азиялық сығындысы— 50 мг
Түймедақ сығындысы— 20 мг
В1 дәрумені— 3 мг
В6 дәрумені— 1 мг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)
Капсуланың құрамы: желатин (бұқа терісінен алынған), кальций карбонаты (бояғыш)

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
Ақуыздар — 0.00 г, көмірсулар — 0.04 г, майлар — 0.00 г және  170 кДж / 40 ккал.

Қолдану аймағы:
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа – В1, В6 дәрумендері, магнийдiң қосымша көзі ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:  
Өнім компоненттері жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қолдауға ықпал етеді, эмоционалдық шиеленіс және шаршау сезімдерін азайтуға көмектеседі, жеңіл тыныштандыратын әсерін етеді, ұйқы сапасын жақсартуға және жоғары ақыл-ой мен физикалық жүктемелер кезінде ағзаны қолдауға ықпал етеді.
Жаужапырақ жапырақтарының сығындысы – эмоционалдық шиеленісті және ашушаңдықты төмендетуге ықпал етеді, жеңіл тыныштандыратын әсерін береді.  
Азиялық центелла сығындысы – ақыл-ой және физикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді, шаршау сезімін жеңуге көмектеседі және ағзаның жалпы тонусын сақтайды.Магний – жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды элемент, эмоционалдық шиеленіс пен шаршауды жеңуге көмектеседі.Дәріханалық түймедақтың сығындысы -тынығуға ықпал етеді, стресс пен жүйке кернеуін төмендетеді.В1 дәрумені – энергетикалық алмасуға қатысады, жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді және ағзаның жалпы энергетикалық қорын қолдайды.В6 дәрумені – жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, нейромедиаторлардың синтезіне қатысады және эмоционалдық тепе-теңдікті қолдауға көмектеседі.

Қолдану бойынша ұсынымдар:  
Ересектерге тәулігіне 1 рет тамақ ішу кезінде 1 капсуладан қабылдау ұсынылады.

Қабылдау ұзақтығы:  30 күн.

Қарсы көрсетілімдері:
Компоненттерге жеке көтере алмаушылық, 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Көлік құралдарын басқарумен немесе механизмдермен жұмыс істейтін адамдарға қолдану ұсынылмайды. Басқа тыныштандыратын немесе седативті әсері бар құралдармен бірге қолданбаңыз.

Ескерту:  Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға ұсынылмайды. Ұсынылған тәуліктік дозадан аспаңыз.

Cақтау шарттары: Құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.

Сату шарттары:  Дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.

Жарамдылық мерзімі:  36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы: ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.

Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а.  Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Шығару түрі: № 30 капсулалар (бір капсуланың салмағы 690 мг), 2 блистердегі 15 капсула  қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Капсуланың сипаттамасы: ақ түсті, сопақша, сәл созылған.

Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні:
KZ.16.01.98.003.R.000419.05.25 5 мамыр 2025 жыл

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР  029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді ISO 9001:2015/HACCP

Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top