Прегурин

Құрамы:
Бір таблетканың құрамында:
| Асқабақ тұқымының сығындысы | — 260 мг | |
| Мүкжидек жемісінің сығындысы | — 50 мг | |
| Соя өскіні сығындысы | — 25 мг | |
| (Оның ішінде соя изофлавондары) | — 10 мг | |
| Қалақай жапырағы сығындысы | — 25 мг | |
| B12 дәрумені | 1,25 мкг | |
| D дәрумені | — 2,5 мкг | |
| Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза(Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551) | ||
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар — 0,12 г, көмірсулар — 0,52 г, майлар — 0,09 г жене 5,3 кДж/ 1,27 ккал
Қолдану аймағы: тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа – D, B12 дәрумендерінің және изофлавоноидтардың қосымша көзі.
Құрамдас компоненттердің функционалдық қасиеттері:
Асқабақ дәнінің сығындысы (Cucurbita pepo L.) фитостеролдар мен май қышқылдарының көзі, несепжыныс жүйесінің функционалдық жағдайын қолдауға ықпал етеді.
Мүкжидек жемісінің сығындысы (Vaccinium macrocarpon Aiton) — антиоксиданттық әсерге ие, несеп-жыныс жүйесінің саулығын сақтауға көмектеседі.
Соя өскіндерінің сығындысы (Glycine max (L.) Merr.)- изофлавондар құрамында болады, гормоналды тепе-теңдікті реттеуге қатысады және жүрек-қантамыр жүйесінің саулығын қолдауға ықпал етеді.
Қалақай жапырағының сығындысы (Urtica dioica L.)- флавоноидтар мен органикалық қышқылдарға бай, несеп шығару жүйесінің қызметін қолдауға жәрдемдеседі.
D дәрумені (холекальциферол)- кальций мен фосфор алмасуын реттеуге қатысады, сүйек тінінің қалыпты жағдайын және иммундық жүйенің жұмысын қолдауға көмектеседі.
B12 дәрумені (цианокобаламин)- қан түзу және метаболизм процестеріне қатысады, жүйке жүйесінің қалыпты қызметін сақтауға ықпал етеді.
Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады. Таблетканы су ішіп, бүтіндей жұту керек.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.
Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке көтере алмаушылық, жүктілік, лактация кезеңі және 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Сақтық шаралары: өнім тек ересектерге арналған. Онкологиялық аурулары бар әйелдер бұл өнімді тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдануы тиіс. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады. Ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Аллергендер: Өнім құрамында соя мен соя изофлавондары бар. Жеке көтере алмаушылық болуы мүмкін.
Cақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы: ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Шығару түрі: № 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы – 535 мг), 1 блистердегі 30 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Таблетканың сипаттамасы: ақшыл сары, ашық қызғылт түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы сәл дөңес, біртекті және тегіс.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні: KZ.16.01.98.003.R.000463.05.25 22 мамыр 2025 жыл
Прегурин құрамында соя бар. Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың 5-қосымшасына сәйкес жоғарғы рұқсат етілген тұтыну деңгейінен аспайды.
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 9001:2015/HACCP
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.