
Құрамы:
Бір капсуланың құрамында
Белсенді заттар:
уридинмонофосфат – 50 мг, пиридоксин гидрохлорид (витамин B6) – 3,25 мг, тиамин гидрохлорид (витамин B1) – 2 мг, птероилмоноглутамин қышқылы (фолий қышқылы немесе витамин B9) – 300 мкг, цианокобаламин (витамин B12) – 3 мкг.
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)
Капсула құрамы: Желатин (бұқа терісінен алынған)
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
Ақуыздар — 0.00 г, көмірсулар — 0.00 г, майлар — 0.34 г; 4,18 кДж/ 1 ккал
Қолдану аймағы: тағамға биологиялық белсенді қоспа – В1, B6, B9, B12 дәрумендері мен уридинмонофосфаттың қосымша қайнар көзі ретінде ұсынылады
Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:
Уридинмонофосфат – метаболизм процестеріне қатысады, нуклеотидтердің синтезіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің қызметін қолдайды.
B6 дәрумені – жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, аминқышқылдарының алмасуына және психоэмоционалдық жағдайды қолдауға ықпал етеді.
B1 дәрумені – энергия алмасуына қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын қолдайды және когнитивті функцияларды қалыпқа келтіреді.
B12 дәрумені – қан түзу процесіне қатысады, ДНҚ синтезіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысын қолдайды.
Фолий қышқылы – жасушалардың қалыпты өсуі мен бөлінуі үшін қажет, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесінің жұмысын қолдайды.
Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге тамақ ішу кезінде тәулігіне 1 рет 1 капсуладан қабылдау ұсынылады. Капсуланы су ішіп, толық жұту қажет.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.
Қарсы көрсетілімдері: компоненттерге жеке көтере алмаушылық және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: тек ересектерге арналған. Жүкті және бала емізетін әйелдерге ұсынылмайды. Ұсынылған тәуліктік дозадан аспаңыз.
Cақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші: ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым: «Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Шығару түрі: № 30 капсулалар (бір капсуланын салмағы 316 мг), 15 капсуладан 2 блистер қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
Капсуланың сипаттамасы: ақ түсті, сопақша, сәл ұзындау.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні: KZ.16.01.98.003.R.000417.05.25 05 мамыр 2025 жыл
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді ISO 9001:2015/HACCP
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.