
Құрамы:
Бір капсуланың құрамында
| Cереноа пальма жемісі сығындысы (Serenoa repens) | — 150 мг | |
| Қалақай тамырының сығындысы (Urtica dioica) | — 150 мг | |
| Aсқабақ тұқымының сығындысы (Cucurbita pepo) | — 100 мг | |
| Е дәрумені (DL-альфа токоферил ацетаты) | — 1,8 мг | |
| Мырыш (мырыш глюконаты) | — 1,5 мг | |
| B6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) | — 0,21 мг | |
| Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551) Капсуланың құрамы: желатин (бұқа терісінен алынған), кальций карбонаты (бояғыш). | ||
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар — 0,04 г, көмірсулар — 0,02 г, майлар — 0,08 г және 4,05 кДж / 0,97 ккал.
Құрамдастардың функционалдық қасиеттері:
Сереноа пальмасы жемісінің сығындысы (Serenoa repens) — простата тіндеріндегі жасушалық гомеостазды қолдауға және несеп шығару жүйесінің функционалдық жағдайын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Қалақай тамырының сығындысы (Urtica dioica) — антиоксиданттық белсенділігі бар биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Жасушаларды тотығу стрессінен қорғауға, су-тұз алмасуын реттеуге және жасушалық детоксикация процестерін белсендіруге ықпал етеді.
Аскабак тұқымы сығындысы (Cucurbita pepo) — клетка жарғақшасының тұрақтылығын сақтауға, липидтік алмасуды қолдауға және несеп-жыныс жүйесінің тіндеріндегі ішкі жасушалық метаболизмді қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Е дәрумені (DL-альфа-токоферилацетат)- клеткаларды липидтердің асқын тотығуынан қорғауға қатысатын табиғи антиоксидант.
Мырыш (мырыш глюконаты түрінде) — жасушалардың антиоксиданттық статусын, нуклеин қышқылдарының синтезін және гормондық тепе-теңдікті қолдауға ықпал етеді.
B6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) — аминқышқылдар мен нейромедиаторлардың алмасуына қатысатын кофермент. Жүйке және эндокриндік жүйелердің жасушалық деңгейдегі белсенділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қолдану бойынша ұсынымдар: ересек ер адамдарға тамақ ішу кезінде күніне 1 рет 1 капсуладан қабылдау ұсынылады. Капсуланы сумен ішіп жұту қажет.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.
Қарсы көрсетілімдер: өнім құрамындағы компоненттерге жеке төзімсіздік, жүктілік, лактация кезеңі және 18 жасқа дейінгі адамдарға қолдануға болмайды.
Сақтық шаралары: қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады. Өнім ересектерге арналған.
Cақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы: ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Шығару түрі: № 30 капсулалар (бір капсуланың салмағы 620 мг), 2 блистердегі 15 капсула қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Капсуланың сипаттамасы: ақ түсті капсула, цилиндр тәрізді.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні: KZ.16.01.98.003.R.000466.05.25 22 мамыр 2025 жыл
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 9001:2015/HACCP
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.