ПРЕГИОКАРД

PREGIOCARD
>>

Құрамы:
Бір капсуланың құрамында:

Коэнзим Q10 (убихинон) — 100 мг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кремний диоксиді.
Қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, кальций карбонаты.

100 г тағамдық құндылығы: ақуыздар — 0,00 г; майлар — 0,10 г; көмірсулар — 0,00 г;
100 г энергетикалық құндылығы: 0,9 ккал / 3,77 кДж

Қолдану аймағы:
коэнзим Q10-ның қосымша көзі ретінде тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктерінің функционалдық қасиеттері:
Коэнзим Q10 (убихинон) – митохондрияларда энергия түзілу және жасушалық тыныс алу процестеріне қатысады, жасушаларды тотығу стрессінен қорғауға және жалпы энергия алмасуын қолдауға ықпал етеді.

Қолдану бойынша ұсынымдар:
ересектерге тәулігіне 1 рет 1 капсуладан тамақ ішу кезінде қабылдау ұсынылады. Капсуланы сумен ішіп, жұту керек.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.

Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзімсіздік, жүктілік, лактация кезеңі, 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекен-жайы:
ALG Pharma Sp. z o.o. Kasprzaka 31 көшесі, 01-234 Варшава, Польша

Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Ауэзов көшесі, 14а
Пошталық индекс: 050000 Тел.: +7 (778) 644-11-88 E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Шығару түрі: № 30 капсулалар (бір капсуланың салмағы 305 мг), 2 блистердегі 15 капсула қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Капсуланың сипаттамасы: мөлдір капсула, цилиндр пішінді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні:
№ KZ.16.01.98.003.R.000153.03.26 16-03-2026 жыл.

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 КО ТР 029/2012 және КО ТP 005/2011 талаптарына сәйкес келеді.
ISO 9001:2015/HACCP.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top