ХОНДРОПРЕГ

CHONDROPREG
>>

Құрамы: 
Бір таблетканың құрамында:

Глюкозамин сульфаты – 150 мг
Хондроитин сульфаты – 50 мг
Метилсульфонилметан (МСМ) – 50 мг
Лавр жапырағының сығындысы – 50 мг
Брокколи сығындысы – 50 мг
С дәрумені – 25 мг
Босвеллия сығындысы – 20 мг
Гидролизденген коллаген – 5 мг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, магний стеараты, кремний диоксиді, тальк.

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
ақуыздар – 0,9 г, майлар – 0,0 г, көмірсулар –7,7 г. 128,7 кДж / 30,8 ккал.

Қолдану аймағы: глюкозамин, хондроитин, метилсульфонилметан, С дәрумені, коллаген және босвеллия қышқылының көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа.

Құрамдас бөліктерінің функционалдық қасиеттері:
Глюкозамин сульфаты – шеміршек тінінің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді.
Хондроитин сульфаты – дәнекер тін құрылымын сақтауға ықпал етеді.
Метилсульфонилметан (МСМ) – дәнекер тін алмасуына қатысады.
Лавр жапырағының сығындысы – табиғи фитохимиялық қосылыстарды қамтиды.
Брокколи сығындысы – антиоксиданттық қасиеттері бар фитонутриенттердің көзі.
С дәрумені – коллаген синтезіне қатысады және жасушаларды тотығу стрессінен қорғауға ықпал етеді.
Босвеллия сығындысы – буындардың функционалдық жағдайын қолдауға ықпал етеді.
Гидролизденген коллаген – дәнекер тінге қажетті аминқышқылдар мен пептидтердің көзі.

Қолдану бойынша ұсынымдар:
ересектерге тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде жеткілікті мөлшерде сумен қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы: 30-60 күн.

Қарсы көрсетілімдер:
компоненттерге жеке төзімсіздік, жүктілік, емізу кезеңі, 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 48 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы:
Pharmacy Lap Group LLC, Szeroka көшесі 33, 05-075 Варшава, Польша

Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Index Pharma Company» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Жібек Жолы к-сі, 154, Пошталық индекс: 050000,
тел: +7 (778) 544-00-22, E-mail: indexzakup@gmail.com

Шығару түрі: № 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы 510 мг). 15 таблекадан 2 блистер қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Таблетканың сипаттамасы: ашық қоңыр түсті, дөңгелек пішінді, екі жағынан дөңес таблетка.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні: № KZ.16.01.98.003.R.000133.03.26 13-03-2026 жыл.

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 22000:2018

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top