Прегимакс

Шаршау мен әлсіздік сезімін азайтуға көмектеседі
>>

Құрамы:
Бір таблетканың құрамында

Америкалық адамтамырдың сығындысы (Panax quinquefolius)-240 мг
(оның ішінде гинзенозидтер 5%)-12,0 мг
Кореялық адамтамырдың сығындысы (Panax женьшень)-120 мг
(оның ішінде гинзенозидтер 10%)-12 мг
С дәрумені (L-аскорбиновая кислота)-80 мг
В3 дәрумені (Ниацин)-16 мг
Е дәрумені-12 мг
Пантотен қышқылы (В5 дәрумені)-6 мг
Қара бұрыш жеміс сығындысы (Piper nigrum)-2 мг
(оның ішінде 95% пиперин)-1,9 мг
B2 дәрумені-1,4 мг
B6 дәрумені-1,4 мг
B1 дәрумені-1,1 мг
B12 дәрумені-2,5мкг
Д дәрумені-5мкг
Биотин-50 мкг
Фолий қышқылы-200мкг
A дәрумені-800мкг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза(Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)
 

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар — 0,00г, көмірсулар — 0,04 г, майлар — 0,00 г және  0,33 кДж / 0,08ккал

Қолданылу аясы:
Тамаққа биологиялық белсенді қоспа ретінде – А, B1, B2, B3, B5, B6, B9, B12, C, E, D дәрумендерінің, гинзенозидтердің және пипериннің қосымша көзі ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:
Америкалық женьшень тамырының сығындысы (Panax quinquefolius) — физикалық және зияткерлік қызметті теңестіріп, жүйке жүйесіне жұмсақ тыныштандыратын әсер етеді.
Кореялық женьшень тамырының сығындысы (Panax ginseng) — ерлердің жыныстық денсаулығын қолдайды, тестостерон деңгейін арттыруға, шәует қозғалғыштығын және эректильді функцияны жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
С дәрумені (L-аскорбин қышқылы) — иммундық жүйені нығайтады, ағзаның жұқпаларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Ниацин (B3 дәрумені) — тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысып, энергия алмасуын қамтамасыз етеді.
E дәрумені (DL-альфа-токоферол ацетаты) — күшті антиоксидант болып табылады, жасушаларды зақымданудан қорғайды және иммунитетті қолдайды.
Пантотен қышқылы (B5 дәрумені) — кофермент А синтезі үшін қажет, майлардың, көмірсулардың және ақуыздардың алмасуына қатысады.
Қара бұрыш жемісінің сығындысы (Piper nigrum) — күшті антиоксиданттық қасиетке ие, басқа компоненттердің сіңімділігін арттырады.
B2 дәрумені (рибофлавин) — энергия алмасуына қатысады, терінің, көздің және шырышты қабықтардың саулығын сақтауға көмектеседі.
B6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) — ақуыз, аминқышқылдар және күкірттің алмасуына, сондай-ақ қан түзілу үдерістеріне қатысады.
B1 дәрумені (тиамин мононитраты) — жоғары энергия тұтынатын органдардың (ми мен жүрек) қалыпты қызметі үшін маңызды.
A дәрумені (ретинил ацетаты) — эпителий тіндерінің тұтастығын қамтамасыз етеді, сүйек тінінің өсуіне ықпал етеді, теріні, шашты және тырнақты нығайтады.
Фолий қышқылы — ДНҚ мен РНҚ синтезіне қатысады, жасушалардың бөлінуі мен қан түзілуін қолдайды.
D3 дәрумені (холекальциферол) — кальций мен фосфордың сіңуіне ықпал етеді, сүйектердің мықты болуына көмектеседі және остеопороздың алдын алуға әсер етеді.
B12 дәрумені (цианокобаламин) — энергия алмасуын, жасушалардың жаңаруын, қан жасушаларының түзілуін қамтамасыз етеді, жүйке және жүрек-қантамыр жүйесін қолдайды.

Қолдану бойынша ұсынымдар:
Ересектерге тәулігіне 1 рет, тамақтану кезінде 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады.

Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.

Қарсы көрсетілімдер:
Компоненттерге жеке төзімсіздік, жүйке қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық, артериялық гипертензия, жүктілік, лактация кезеңі, 18 жасқа толмаған адамдарға қабылдауға болмайды.

Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады. Ұсынылған дозадан аспаңыз.

Сақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.

Сату шарттары:
Дәріханалар мен сауда желілерінің бөлімдері арқылы сатылады. Рецептсіз босатылады.

Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы:
ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.

Импорттаушы тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Ауэзов көшесі, 14а.
Пошталық индекс: 050000, тел: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Шығару түрі: 30 таблеткадан (бір таблетканың салмағы– 930 мг). 10 таблеткадан 3 блистер картон қорапқа салынып, қазақ және орыс тілдерінде қолдану нұсқаулығымен бірге қапталады.
Таблетканың сипаттамасы: крем түсті, екі жағынан  дөңес, дөңгелек пішінді.

Мемлекеттік тіркеу куәлігі, нөмірі мен күні: KZ.16.01.98.003.R.000389.04.25     25 сәуір 2025 жыл

Өнім келесі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келеді: 
ТР ТС 021/2011, ТР ТС 022/2011, ТР ТС 029/2012 және ТР ТС 005/2011
ISO 9001:2015 / HACCP

Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top