Магнорум B6

Күш — сергектікте!
>>

Құрамы:
Бір таблетканың құрамында
Бір таблеткадағы магний цитраты — 689 мг
(элементарлы магнийді қоса алғанда — 100 мг)В6 дәрумені 2 мг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (E460), магний стеараты (E470) және кремний диоксиді (E551).

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар — 0,1г, көмірсулар — 0,00 г, майлар – 0,00 г;  4 кДж/ 1 ккал.

Қолдану аймағы:
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа – В6 дәрумені мен магнийдың қосымша қайнар көзі ретінде ұсынылады.

ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:
Магний – ағзадағы барлық тіндерде кездесетін, алмасу процестеріне, жүйке импульстарын өткізуге және бұлшықет жүйесінің жұмысына қатысатын өмірлік маңызды элемент. В6 дәрумені магнийдің асқазан-ішек жолында сіңуін және жасушаларға енуін жақсартады.
Өнімнің компоненттері ағзадағы магний деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұруға, жүйке импульстарын өткізуге және энергетикалық алмасуды қолдауға ықпал етеді. Ағзада жеткілікті мөлшердегі магний мен В6 дәрумені шаршауды азайтуға және жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.

Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектер күніне бір таблеткадан екі реттен.

Қабылдау ұзақтығы: 30 күн

Қарсы көрсеткіштер: компоненттерге жеке төзбеушілік. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Сақтау шарттары:
Құрғақ, жарық түспейтін, баланың қолы жетпейтін, температурасы 25°C жоғары жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі: 36 ай. 

Өндіруші: ALG Pharma Sp. z o.o.. Мекенжайы: Kasprzaka 31 01-234, Варшава

Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым және оның орналасқан жері:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы, Әуезов көшесі, 14а., пошталық индекс: 050000, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

ШЫҒАРУ ТҮРІ: № 50 таблеткалар (салмағы 951 мг), қорапшада 10 таблеткадан 5 блистерде. Таблетканың сипаттамасы: ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес.

Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні:
KZ.16.01.98.003.R.000256.03.25    18 наурыз 2025 жыл

Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top