СТОНАКС ФОРТЕ

STONAX FORTE
>>

Құрамы: 
Бір таблетканың құрамында:

Кальций карбонаты— 1500 мг
(оның ішінде кальций)— 600 мг
K2 дәрумені— 40 мкг
D3 дәрумені— 2,5 мкг
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кремний диоксиді.

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы: ақуыздар – 0,02 г, майлар – 0,03 г, көмірсулар – 0,05 г
100 гр энергетикалық құндылығы: 1,68 ккал (7,0 кДж)

Қолдану аймағы:
кальций, D3 және K2 дәрумендерінің қосымша көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктерінің функционалдық қасиеттері:
Кальций – сүйек пен тістердің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді, қанның ұю үдерісіне және бұлшықеттердің қалыпты қызметіне қатысады.
D3 дәрумені – кальций мен фосфордың сіңуіне ықпал етеді, сүйектердің қалыпты жағдайын және иммундық жүйенің қалыпты қызметін қолдайды.
K2 дәрумені – сүйек тінінің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді және қанның ұю үдерісіне қатысады.

Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан тамақ ішу кезінде қабылдау ұсынылады
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.

Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзімсіздік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Сақтау шарттары:
құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы: ALG Pharma Sp. z o.o., Kasprzaka көшесі 31, 01-234 Варшава, Польша.

Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Шығару түрі: № 30 таблетка (бір таблетканың салмағы 1704 мг), 3 блистердегі 10 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Таблетканың сипаттамасы: ақ түсті, дөңгелек гауһар тәрізді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні:
№ KZ.16.01.98.003.R.000149.03.26 16-03-2026 жыл.

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 КО ТР 029/2012 және КО ТP 005/2011 талаптарына сәйкес келеді.
ISO 9001:2015/HACCP.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top