Дэтриксил форте

Күннің қуаты — Дэтриксил!
>>

Құрамы:
Бір таблетканың құрамында
Белсенді заттар:
D3 дәрумені -30 мкг (1200 МЕ)
(1/2 таблеткада -15 мкг (600 МЕ))
Қосымша заттар:
Микрокристалды целлюлоза магний стеараты, кремний диоксиді.
Бір ойығы бар 2 бөлікке бөлінген таблеткалар.

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
ақуыздар — 0,04г, көмірсулар — 0,02 г, майлар — 0,08 г және 4,05кДж/ 0,97 ккал.

Қолдану аймағы:
Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа – D3 дәруменінің қосымша қайнар көзі ретінде ұсынылады

ҚҰРАМДАҒЫ КОМПОНЕНТТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:
D3 дәрумені (холекальциферол) – кальций мен фосфор алмасуын реттейді, олардың ішекте сіңуіне және қанда физиологиялық деңгейде сақталуына ықпал етеді, ағзадан шамадан тыс шығарылуына жол бермейді.
Сүйек тінінің минералдануына қатысады, сүйектер мен тістердің беріктігін арттырады.
Иммундық жүйенің жұмысын қолдайды, жүйке импульстерінің қалыпты берілуіне және бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді, бұлшықет тонусын сақтауға қатысады. Антиоксиданттық қасиеттерге ие, жасушаларды оксидативтік стресстен қорғайды.

Қолдану тәсілі мен мөлшері:
Ересектер тамақтану уақытында тәулігіне 0,5 таблетка ішеді.

Қабылдау ұзақтығы: 30-60 күн

Қарсы көрсетілімдер:
Компоненттерге жеке төзімсіздік. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Cақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.

Сату шарттары:
Дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.

Жарамдылық мерзімі: 36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы: ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.

Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а.
Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Шығару түрі:
№ 60 таблеткалар (бір таблетканың салмағы180 мг),  2 блистердегі 30 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Таблетканың сипаттамасы: ақ түсті, бір ойыққа бөлінетін, дөңгелек, екі жағы тегіс.

Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні: KZ.16.01.98.003.R.000455.05.25    21 мамыр 2025 жыл

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР  029/2012 және КО ТP 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 9001:2015/HACCP

Тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

Scroll to Top